1669

Назарбаев Путинге: Донбасстың мәртебесін қабылдауға Рада мүмкіндік бермейді

Мемлекет басшылары Сочиде кездесу өткізіп жатыр.
Фотография - Назарбаев Путинге: Донбасстың мәртебесін қабылдауға Рада мүмкіндік бермейді Фото: ©Михаил Метцель

Рада Украина Президенті Петр Порошенкоға Донбасс мәртебесін қабылдауға мұрсат бермейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесу барысында хабарлады.

«Таяуда Порошенко маған Донбасс пен екінші аймақтың (Луганск)  мәртебесін қабылдауға мүмкіндік жоқ, Радада ол көпшілік дауысқа ие болмайтынын, басқа мәселелер бойынша шешім қабылдау қажет екенін айтты. Мен ол (Порошенко) тараптарды қанағаттандыратын шешім табады деп ойлаймын»,- деп мәлімдеді Назарбаев.

1 шілде күні Украина Президенті Қазақстан Президентінен Украинаның оңтүстік-шығысындағы кризистан шығу үшін бітімгерлік жасауын сұраған болатын. Порошенко Назарбаевтан осы бағыттағы бітімгерлік жұмысты жалғастыруын өтінді. Телефон арқылы сөйлесу бастамасы Украина тарапынан жасалды. Өз кезегінде Украина Президентінің баспасөз қызметі осы мәселемен халықты хабардар ету барысында Порошенконың бұл өтініші туралы тіс жармады. 

Загрузка...