Нұрсұлтан Назарбаев Польшада бірқатар кездесу өткізді

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Польшада бірқатар кездесу өткізді

Фото: ©Арман Мұқатов

Кездесу барысында тараптардың әріптестігі бойынша негізгі бағыттар талқыланды.

407 1

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша премьер-министрі Беата Шидломен кездесті,-деп хабарлайды Today.kz, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті.

Б.Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басымдығы бар бағыты екенін айтты.

Естеріңізге салайық, осыдан біраз бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен келіссөз өткізді.

Салтанатты кездесу рәсімінен соң екі елдің көшбасшылары Польша Президентінің резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Онда сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары өзара мүдделілік қалыптасқан бірқатар бағыттар бойынша перспективалы жобалардың іске асырылу мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Польша көшбасшысына еліне шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастың дамуында ілгерілеушілік, сондай-ақ оның аясын кеңейте түсу үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

А.Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға бұл сапары елдер арасындағы серіктестіктің жандана түскенін көрсетіп отырғанын айтты. Польша Президенті екі елдің мүдделері ортақтығына және екіжақты іс-қимылды, соның ішінде көлік-логистика және мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудың ауқымды перспективалары бар екеніне назар аударды.

Сондай-ақ, А.Дуда Польшаның алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысатынын және бұл іс-шараға жеке өзінің келуге әзір екенін жеткізді.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Тара 24 там. 11:01

Елбасының Польшадағы сапары жемісті болсын.Барлығы халықтың игілігі үшін ғой.

Жауап беру