44 жастағы Андрей Малаховтың ішкиіммен түскен суреті табынушыларын таңқалдырды

Фотография - 44 жастағы Андрей Малаховтың ішкиіммен түскен суреті табынушыларын таңқалдырды

Фото: kasjauns.lv

Шоумен өзінің дене бітімі өте жақсы күйде екенін көрсетті.

867 0

Белгілі ресейлік тележұлдыз Андрей Малахов Instagram парақшасында ішкиіммен түскен суретін көрсетіп, табынушыларын таңқалдырды,-деп хабарлайды Today.kz

44 жастағы шоумен өзінің дене бітімі өте жақсы күйде екенін көрсетті. Таңқалған табынушылары өз көздеріне сене алар емес.

«Қойшы, мынау Малахов па?!», «Ого, Аполлон! Қарапайым «Шуриктің» бейнесінің артында кімнің жасырынғанын ешкім түсінбепті де!», «Мынаны қара! Бұл қаншама уақыт пен еңбекті талап ететін жұмыс қой!», «Фотограф браво! Бұл керемет!», «Андрей әйелдерді жындандырайын деген екенсің, менен өзге, мен әзірге өзімді ұстап отырмын», - деп жазады оның фанаттары.

Андрей Малахов – Бірінші арнаның бірнеше бағдарламаларының жүргізішісі, оның ішінде «Пусть говорят», «Барахолка», «Сегодня вечером» хабарлары бар. Сонымен қатар, ол StarHit журналының бас редакторы,  РМГУ-де журналистика курстарының оқытушысы. Малахов өзінің берген бір сұхбаттарында жаттығу залдарына барғанды жақсы көретінін айтқан. 2011 жылы тележүргізушісі Наталья Шкулеваға үйленген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!