Италияда жер сілкінісінің құрбандарына арналған ұлттық қаралы күн жарияланды

Фотография - Италияда жер сілкінісінің құрбандарына арналған ұлттық қаралы күн жарияланды

Фото: ©Alessandra Tarantino

Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандар саны 268 адам.

263 0

 27 тамыз Италияда қуатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандарға арналған қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы хабарды министрлер кеңесі таратты, - деп хабарлайды ТАСС.

«Ертең тамыздың 27 күні билік өкілдерінің қатысуымен Асколи-Пиченода қаза болғандарды жерлеу рәсімі өтеді. Осыған орай, министрлер кеңесі қаралы күн жариялайды», -делінген Киджи сарайының ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге салайық, магнитудасы 6,0 балл жер сілкінісі тамыздың 24 күні жергілікті уақыт бойынша шамамен  03:36 болды. Соңынан магнитудасы 5,4 балл жер асты дүмпуі болды. Апеннин тауларының басым бөлігінде болған дүмпулер Перудже, Риети, Норче қалаларында сезілген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Риети қаласында, төрт километрлік тереңдікте болса керек.

Соңғы мәліметтерге жүгінсек, 268 адам қаза тапқан, олардың үшеу британдық азамат, ал 387 адам жарақат алды. Екі мыңнан аса адам баспанасыз қалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!