Украина Ресейге қарсы БҰҰ сотына шағымданады

Фотография - Украина Ресейге қарсы БҰҰ сотына шағымданады

Фото: 1080.plus

Украиналық заңгерлердің Ресейге қарсы дайындаған мемлекетаралық талаптары Гаагадағы БҰҰ-ның халықаралық сотына жолданбақ.

475 0

 Украинаның әділет министрі Павел Петренко украиналық телеарналардың эфирінде осы елдің Ресейге қоятын мемлекетаралық талаптары бойынша Гаагадағы БҰҰ-ның халықаралық сотына жүгінетіні туралы хабарлады, -деп мәлімдейді Today.kz Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

 "Қазір кезегі таяп тұрған бір іс бар, оны біз Сыртқы істер министрлігімен бірге БҰҰ-ның халықаралық сотына жолдау үшін дайындап жатырмыз", - деді Павел Петренко.

 Министр талаптардың «Донбасстағы агрессия» және Қырымның аннексиясына» байланысты болатындығын атап өтті.

 Сонымен қатар, ол Украинаның Ресейге қарсы бес халықаралық талаптарының Еуропалық адам құқықтары жөніндегі сотына, сондай-ақ, екі талаптың Халықаралық қылмыстық сотқа жолданғаны туралы хабарлады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!