29 тамыз - Қырғызстанда Мәскеуде қаза болғандарға байланысты қаралы күн

Фотография - 29 тамыз - Қырғызстанда Мәскеуде қаза болғандарға байланысты қаралы күн

ФОТО: INCIDENT.MK.RU

Мәскеудегі типографияда болған өрттен қаза болғандарды анықтау шарасы аяқталды.

583 0


Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев тамыздың 29 күнін республиканың қаза болған он төрт азаматына қатысты қаралы күн деп жариялады. Елде мемлекеттік ту түсіріліп, барлық көңіл көтеру шаралары тоқтатылды, - деп хабарлайды Today.kz "Вечерний Бишкек" сайтына сілтеме жасап.

«2016 жылдың 27 тамызы шамамен бір уақытта бірден екі қазалы оқиға орын алды. РФ Мәскеу қаласында өрттің салдарынан Қырғыз Республикасының 14 азаматы қаза тапты. Ал, Бішкек – Ош тасжолында болған апат 9 адамның өмірін қиды.

Бұл Қырғызстан елі үшін орны толмас қаза. Қырғыз Республикасы қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмектесіп жатыр. Қазаның себептерін әділ анықтауға қатысты Ресей Федерациясы органдарына талаптар айтылды.

Қаза болғандар үшін қайғыра отырып, олардың отбасыларына көңіл айта отырып:

1.  2016 жылдың 29 тамызын Қырғыз Републикасында қаралы күн деп жариялауға;

2. Қаралы күні Қырғыз Республикасында және барлық шетелдегі елшілік өкілдіктердегі ҚР туларын төмен ілуге;

3. Қырғыз Республикасындағы телерадио арналар мен мәдениет мекемелерге көңіл көтеру шаралаарын тоқтатуды ұсынуға;

4. Қырғызстан Республикасы Үкіметіне өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, өаза болғандаар мен зардап шеккендер отбасына көмектесуге қаулы етемін.

5. Қаулы қол қойылған уақыттан бастап, заңды күшіне енеді».

Осыған дейін Қырғызияның сыртқы істер министрлігі Эрлан Абдылдаев қаза болғандардың денесін анықтау шарасы ааяқталғанын айтқан болатын.

Осы уақытта Қырғызстанда қазаға қатысты көңіл айту кітабы ашылды.

 Өрт тамыздың 27 күні Мәскеудің солтүстігіндегі Альтуфьевск шоссесіндегі бесінші үйде болған. Өртенген ангар "Печатный экспресс" типографиясына тиесілі. Бас-аяғы 17 адам қаза тапты, оның 14 қырғыз азаматы. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр шамындағы тоқтың тұйықталуы себеп. Өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!