Кремль Ислам Каримовтың сырқаты жөнінде ғана біледі

Фотография - Кремль Ислам Каримовтың сырқаты жөнінде ғана біледі

Фото: ©Brendan Smialowski/Pool Photo via AP

Өзбекстан Президентінің өлімі туралы ақпарат расталған жоқ.

586 0

 Тамыздың 29 күні Өзбекстан Президенті қайтыс болғаны жөнінде тараған ақпарат расталған жоқ. Кремльдегілер тек оның сырқаттанып жатқаны туралы ғана біледі. Бұл туралы РФ Президентінің баспасөз хаатшысы Дмитрий Песков тілшілерге мәлімдеді, - деп хабарлайды ТАСС.

«Біз тек тарап кеткен хабардың (Өзбекстан Президентінің өлімі туралы) расталмағаны туралы білеміз, өзге ақпарат бізде жоқ», - деді РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Каримовтың тағдырына қатыысты қойылған сұраққа жауап беру кезінде.

«Біз оның сырқаты туралы білеміз, бірақ оған қатысты толық ақпарат бізде жоқ»,- дей отыра Песков, Каримовтың денсаулығына қатысты сұраққа Кремль тарапынан жауап берген дұрыс еместігін атап өтті.

Ал, Өзбекстанмен қатынас қаншалықты жасалатыны туралы сұраққа РФ Президентінің баспасөз хатшысы «дипломатиялық, түрлі ведомстволық бағыттар бойынша тығыз қатынас жасалатытынын» айтты. «Бізде мұндай қатынас өте қарқынды жүргізіледі»,- деп Песков сөзін қорытындылады.

28 тамыз күні Өзбекстанның министрлер кабинеті Ислам Каримовтың стационарлық ем алуға жатқызылып, оның толық медициналық тексеруден өтетіні туралы хабар таратқан еді.

Ислам Каримов 78 жаста. 1938 жылы қаңтардың 30 күні Самарқанд қаласында туған. 1989 жылдан бері Өзбекстанды басқарып келеді. Осы жылы Өзбек ССР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың наурыз айында одақ республикасының алғашқы президенті. 1991 жылы алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауында жеңіске жетті. 1995 және 2002 жылдары да бүкілхалықтық референдумнан кейін, ал 2000, 2007, 2015 жылдары сайлаулардан кейін өзінің мансабын сақтап қалды.

29 тамыз күні оның кіші қызы Лола Каримова-Тилляева өзінің Instagram парақшасында әкесінің миына қан құйылып, оның реанимацияға жатқызылғаны туралы жазған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!