Президенттер Каримовты Өзбекстан тәуелсізідігінің 25 жылдығымен құттықтап жатыр

Фотография - Президенттер Каримовты Өзбекстан тәуелсізідігінің 25 жылдығымен құттықтап жатыр

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Қазіргі уақытта өзбек елінің басшысы миына қан кетіп, ауруханада жатыр

761 0

Мемлекет басшылары, өкілдіктері, түрлі халықаралық ұйымдар Өзбекстан Президенті Ислам Каримовты ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап жатыр, - деп хабарлайды Today.kz Өзбекстан Республикасы үкіметінің порталына сілтеме жасап.

«Біздің мемлекеттің тәулсіздігіне 25 жыл толуына орай, Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, белгілі қоғам қайраткерлерінен, іскер және академиялық ортаның әйгілі тұлғаларынан Өзбекстан халқы мен Мемлекет басшысы атына бейбіт өмір, бақыт, саулық тілеген құттықтаулар түсіп жатыр»,- делінген сайтта.

Өзбекстан Республикасының ең басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні – жыл сайын қыркүйектің 1 күні тойланады. «Ұлттық мереке өзбек халқының  достық, келісім, қайырымдылық, өзара сыйластық негізінде құрылған арман-тілектерін көрсетеді», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 28 тамыз күні Өзбекстан Президенті Ислам Каримов сырқаттанып, ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығы туралы толық ақпарат тараған жоқ. Өзбек БАҚ мәліметтері бойынша, Өзбекстан Президентін емдеу үшін шетелдік дәрігерлер келген. "Фергана" агенттігінің мәлімдеуінше, өзбек лидері инсульт алуы ғажап емес.

Мемлекет басшысының қызы Лола Каримова Facebookтегі парақшасында әкесінің миына қан кетіп, реанимацияға жатқызылғаннын айтқан еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!