Өзбек халқы Кәрімовты жоқтап жатыр: Самарқандтағы жерлеу рәсімі

Фотография - Өзбек халқы Кәрімовты жоқтап жатыр: Самарқандтағы жерлеу рәсімі

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Жиналған халық қаралы кортеж жолына гүл тастап жатыр

1161 0

Ислам Кәрімовтың денесі салынған қаралы кортеж Самарқанд көшелерінен өтті, - деп хабарлайды Today.kz.

Қыркүйектің екісі күні қайтыс болған Өзбекстан Президентін соңғы сапарға шығарып салу үшін тұрғындар көшеге шықты. Жиналғандар қаралы кортеждің жолына гүл тастап жатыр.



Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр Самарқандқа кетті, Кәрім Мәсімов Ислам Кәрімовті жерлеу рәсіміне қатысады.

Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов қыркүйектің 2 күні қайтыс болды. Мемлекет басшысы тамыздың 27 күні инсульт алып, ауруханаға жатқызылған еді. Оның өмірі үшін өзбек және шетелдік дәрігерлер күресті. Алайда, нәтиже болмады. Билік оның өлімі мен сырқаты туралы медициналық анықтаманы жариялады. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Кәрімовтың қалауы бойынша, ол мұсылман салтына сай әке-шешесінің жанына жерленеді. Президентпен қоштасу рәсімі қыркүйектің үші күні өтеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!