G-20 кезінде ҚР Президенті жаһандық экономикалық реттегіш ұйым құруды ұсынды

Фотография - G-20 кезінде ҚР Президенті жаһандық экономикалық реттегіш ұйым құруды ұсынды

Фото: akorda.kz

ҚР Президентінің пікірінше, экономика мен қаржыны халықаралық реттеуді бірыңғай жаһандық ұйым жүргізуі тиіс.

413 0

Қазақстан Президенті жаһандық экономикалық реттегіш ұйымын құруды ұсынды. G20 барысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев биылғы саммиттің үмітке толы күрделі кезеңде өткізіліп жатқанын атап өтті,-деп хабарлайды  Today.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

"Әлемдік экономиканың, сауданың және капитал қозғалысының  даму қарқыны төмендеп келеді. Бұл миллиондаған адамның әл-ауқаттылығына әсер етіп жатыр. Бүгін ДСҰ-ның маңыздылығын төмендетіп, әлемдік экономиканың бөлінуіне әкеліп соқтыра алатын жаңа трансконтиненталдық сауда-инвестициялық бірлестіктер қалыптасып жатыр. Бұл үдерістер әлемдік нарықтарда ықпал жүргізу салалары үшін жаңа күрес кезеңінің баталуын туғызуы мүмкін. ", - деді Қазақстан Президенті.

 Елбасы жаһандық дамитын жолдың әлемдік қоғамдастық жасайтын әрекеттер қаншалықты үйлесімді болатындығына байланысты екендігін атап өтті.  Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев экономика және қаржы салаларындағы халықаралық реттеуді бірыңғай жаһандық ұйым жүргізуі керектігі туралы пікір айтты.

"Ондай құрылымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру арқылы қалыптастыруға болады. Оған Жаһандық экономикалық реттеуші функциялары жүктелуі керек", – деді Қазақстан Президенті.

 Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі уақытта монетарлық және фискалдық саясатты үйлестіру мен құрылымдық реформалар жүргізу маңызды, алайда ұзақ мерзімді кезеңде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

 "Әлемдегі, оның ішінде дамушы елдердегі айырбас бағамдарын тұрақтандыру бойынша елеулі ұсыныстарды дайындау керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Әлемдік экономиканы жандандыру шарасы ретінде Қазақстан Президенті жаңа индустриялық революцияға, цифрлық экономикаға және инновацияларға сүйенуді ұсынды.

Фото -

 "Мұндай көзқарасты толық қолдаймын. Бұл міндет тек инклюзивтік қағидаттары арқылы іске асырылады. G-20 мен дамушы елдердің арасындағы диалог орталығын белгілеу қажет.  Нұсқа ретінде Қазақстанда енгізіліп, барлық қатысушылар үшін ашық G-Global ақпараттық коммуникациялық алаңын ұсынамын. Бұл алаң 140 елден 30 мыңнан астам сарапшының басын қосып отыр", - деді Елбасы.

 Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын, Париж келісімдерін және «жасыл» экономика қағидаттарын жүзеге асыру істеріне белсенді қатысатындығын айтты.

 "2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі осы мақсаттарға қызмет етеді. Сонымен қатар біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрып отырмыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне қатысуға шақырамын. Онда БҰҰ аясындағы іс-шараларды өткізуге болар еді", - деді Қазақстан Президенті.

 Сөзінің соңында Елбасы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде  заманымыздың ең өзекті проблемаларының шешу жолдары бойынша Қазақстанның көзқарасы ұсынылғандығы жөнінде мәлімдеді.  Сондай-ақ, ол манифесттің және ядролық және жаппай жою қаруларының басқа түрлерінен бос әлемді қалыптастыру идеяларын жүзеге асырудың қолдау табатындығына сенім білдірді.

 "G-20 барлық мүшелері мен мүдделі мемлекеттердің күштерінің лаңкестікті жою мақсатында бірігуі осы істің жақсы бастамасы болар еді. Осыны бүкіл әлемдік қоғамдастық күтіп отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Естеріңізге саламыз, 2 қыркүйекте қытай БАҚ-на берген сұхбатында ҚР Президенті  G20-ның жаһандық экономикалық мәселелерін шешудің маңызды механизмі екендігін айтқан болатын.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!