ҚР Президенті Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті

Фотография - ҚР Президенті Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

410 0

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті,-деп хабайлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Салман өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 Бұған дейін Қазақстан Президенті G20 саммитіне қатысу барысында бірқатар мемлекет және делегация басшыларымен қысқа келіссөздер өткізді.  Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияның Федеральды канцлері А.Меркельмен, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Д.Зумамен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Саллмен, сондай-ақ Аргентина Президенті М.Макримен әңгімелесті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!