II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарыда қазақша күрестен Қазақстан бірінші орында

Фотография - II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарыда қазақша күрестен Қазақстан бірінші орында

Фото: sputnik.kg

Қырғызстанда II Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны өтіп жатыр.

389 0

Қазақстандық спортшылар Қырғызстанда өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында күрестен алтын медальдың басым бөлігін жеңіп алды,-деп хабарлайды Today.kz Sputnik.kg сайтына сілтеме жасап. Бас-аяғы  20 жүлде тігілді, қазақстандықтар ел қоржынына төрт алтын, бір күміс медаль салды.

60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз Талғат Шегенов, 70 килограмм – Әділет Сейілханов, 80 килограмм - Дәулет Пахриденов, ал 90 килограммда Сұңғат Закарияев чемпион атанды. Еламан Ерғалиев 90 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль алды.

54 елдің спортшылары қатысып жатқан II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр. Спортшылар ұлттық спорттың 26 түріне қатысты. Ақтық ойындар Чолпон-Ата сауықтыру кешенде өтті. Ал, қазақша күрексе он жеті елдің елу сегіз палуаны қатысты.

Бұған дейін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына белгілі американдық актер Стивен Сигал келеді жеп жоспарланған еді. Бұл туралы ұйымдастырушылар дайындық барысында хабарлаған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!