АҚШ тележүргізушісі Хиллари Клинтонның өлімі туралы хабарлады

Фотография - АҚШ тележүргізушісі Хиллари Клинтонның өлімі туралы хабарлады

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

ABC7 телеарнасының жаңалықтары президентікке үміткердің өлімі жайындағы шұғыл хабарламадан басталды.

519 0

Америкалық тележүргізуші Джо Торрес президентікке үміткер Хиллари Клинтонның өлімі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі. Бұл хабар ABC7 телеарнасының эфирінде айтылды.

 

"Біз жаңалықтарымызды Хиллари Клинтонның өлімі туралы шұғыл хабардан бастаймыз", - деді журналист.

 

 Президентікке үміткердің сайлау штабы Клинтонның «тек сәл әлсізденгені» туралы мәлімдеп, бұл хабарды жоққа шығаруға асықты. Біраз уақыттан кейін телеарнаның өзі де жүргізушісінің сөзден жаңылғанын айтып, бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

 

Естеріңізге салайық, 11 қыркүйек күні, Нью-Йоркте 2001 жылы орын алған лаңкестік оқиға құрбандарын еске алу шарасы барысында, Клинтон денсаулығы сыр берді. Ол автокөлігіне дейін өздігінен жете алмай, жол жиегіне шалынып, аяқ киімін жоғалтқан. Саясатшының штабында Клинтонның бұл жағдайын ыстық шалумен түсіндірді. Біраз уақыттан соң Клинтонның пневмонияға шалдыққаны белгілі болды.  

 

Егер де ол сайлауалды науқанын тоқтату туралы шешім қабылдаса, оның орнын басатын үміткерлер дайын тұр. Мұндай жағдайда жаңа үміткер ретінде АҚШ вице-президенті Джо Байденнің, немесе Клинтонға праймериз барысында ұтылған Вермонт штатының өкілі, сенатор Берни Сандерстың шығуы ықтимал.  

 

Республикалық партиядан президентікке үміткер Дональд Трамп өзінің сайлау штабы мүшелеріне саяси қарсыласының ахуалы жөнінде қандай да бір негативті мәлімдеме жасауға тыйым салды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!