"Меранти" супертайфуны Қытай және Тайвань жағалауларындағы елді мекендерді соқты

Фотография - "Меранти" супертайфуны Қытай және Тайвань жағалауларындағы елді мекендерді соқты

Фото: news.xinhuanet.com

Осы уақытқа дейін қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

320 0

Қытайда "Меранти" супертайфунының соғуына байланысты бір жарым мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Today.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

 

"Меранти" 15 қыркүек күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 03:05-те Сянъань аймағының Сямэнь қаласына соқты. Дауыл жылдамдығы секундына 48 метрге дейін жетті. Тайфун Фунцзян провинциясына жетіп, дауылды желге ұласты.

 

Осы уақытқа дейін қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Бұған дейін Тайвань жағалауындағы елді мекендер үстінен өткен тайфун 860 мың отбасын электр қуатынсыз қалдырып, аралдағы көлік қатынасын бұзды.

 

Естеріңізге саламыз, 14 қыркүйек күні Қытайда "Меранти" тайфунының жақындауына байланысты қауіптіліктің ең жоғарғы деңгейі жарияланып, циклонның елдің шығыс жағалауына үлкен жылдамдықпен таяп келе жатқаны туралы хабар таратылған. Қытайда «Мерантиге» супертайфун дәрежесі берілді. Тұрғындарға үйден шықпау кеңестері берілген болатын.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!