Мехикода мыңдаған адам президенттің отставкаға кетуін талап етіп, митингке шықты

Фотография - Мехикода мыңдаған адам президенттің отставкаға кетуін талап етіп, митингке шықты

Фото: twitter/@elnortecom

Демонстранттар "Пенью кетсін!" және "Күрес жалғасады!" деп ұрандатып жүр.

360 0

Мексиканың Тәуелсіздігі күні қарсаңында Мехико көшелеріне бірнеше мың адам, олардың ішінде 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Герреро штатының Игуала қаласында із-түссіз жоғалған 43 студенттің ата-аналары мен жолдастары, наразылық митингісіне шықты, деп хабарлайды Today.kz MVS Noticias сайтына сілтеме жасап.

 

"Қоғам осы президенттік мерзім кезінде болған жағдайдан әбден шаршаған, біз өз жиіркенішімізді осылайша көрсетпекпіз", - деді Игуаладағы шабуылдан кейін аман қалған Омара Гарсиа атты белсенді.

 

Ереуілшілер «Пенью кетсін!» және «Күрес жалғасады!» деп ұрандатқан. Биліктің бағалауынша, митингке шыққан адамдар саны бес мың адамға жуық. Полициямен қақтығыс болған-болмағаны туралы ақпарат жоқ.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!