Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның президенттігіне үміткер болды

Фотография - Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның президенттігіне үміткер болды

Фото: www.gov.uz

Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысында Мирзиеев кандидатурасы қолдау тапты.

529 0

Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарып жатқан  премьер-министр Шавкат Мирзиеев мемлекет басшылығына үміткер ретінде ұсынылып отыр, деп хабарлайды Today.kz ӨР Орталық сайлау комиссиясының  Facebook әлеуметтік желісінде таратқан хабарламасына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысында Мирзиеев кандидатурасы қолдау тапқан болатын.

 

8 қаркүйекте заң шығару палатасы мен сенаттың бірігіп өткізген отырыс барысында премьер-министр Шавкат Мириеевке президенттің міндетін уақытша атқару тапсырылған болатын. Үкіметтік порталда жарияланған хабарламада сенат төрағасы Нигматилла Юлдашевтың президенттің міндеттері мен құзіреттерін уақытша атқаруды Мирзиеевке жүктеу ұсынысын жасағаны айтылған. Онда Ш. Мирзиеевтің «мемлекеттік билік және басқару органдарының басшылық лауазымдарында жинаған көп жылдық тәжірибесі, сондай-ақ, халықтың оны кұрметтейтіні»  ескерілген.

 

Өзбекстан бұған дейін ұстанып келген әскери-саяси блоктарға қосылмау саясатын жалғастырып, басқа мемлекеттердің әскери базаларының ел аумағында орналасуына жол бермейді. Бұл туралы Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев өзінің заң шығару палатасы мен парламент сенатының біріккен отырысында мәлімдеп, мемлекеттің сыртқы саясатының басқа да басым бағыттарын белгіледі.  

 

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2 қыркүйек күні қайтыс болды. Мемлекет басшысы 27 тамызда инсультпен ауруханаға жөнелтіліп, комаға түскен. Оның өмірі үшін араша түскен өзбекстандық және шетелдік дәрігерлер сәтсіздікке ұшырады.  Билік президенттің ауруы мен өлім себептері жөніндегі медициналық тұжырымдаманы жария етті. Ел бойынша жалпыұлттық азалы үшкүндік жарияланды.

 

Каримов өз тілегі бойынша Самарқандтағы тарихи ескерткіш Шахи-Зинда жанында, ата-анасы жатқан бейітте мұсылмандық дәстүрмен жерленді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!