"Оплот" ұйымының басшысы Евгений Жилин Мәскеу түбінде өлтірілді

Фотография - "Оплот" ұйымының басшысы Евгений Жилин Мәскеу түбінде өлтірілді

Фото: argumentua.com

Болжал бойынша, ол тапсырыс бойынша жасалған қылмыстың құрбаны болды.

484 0

Украинадағы «Еуромайданды» қабылдамай, сынға тартқан "Оплот" ұйымының басшысы Евгений Жилин, Горки-2 кентінде орналасқан мейрамханада өлтірілді, деп хабарлайды ТАСС құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

 «Алдын ала болжал бойынша, қаза тапқан адам – украиндық «Оплот» ұйымының басшысы Евгений Жилин»,- деді ақпарат көзі.

 Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеген Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінде, қаза тапқан адамның аты-жөнін ашып айтпады. «Одинцов ауданынында беймәлім қылмыскер мейрамханалардың бірінде демалып отырған екі адамды, болжал бойынша, тапаншадан атты», - деп хабарлады Бас тергеу басқармасында (БТБ).

 Атыс болған мейрамхана – «Шакро молодой» лақап атымен белгілі ұрының кездесулерін өткізетін орыны ретінде кеңінен танымал жер. 

Қылмыс жасаған адам ізін суытып үлгерді. «Атылғандардың бірі оқиға орнында қаза болған, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орны мұқият тексеріліп жатыр. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып жатыр» - деді БТБ өкілі.  

 Горки-2 кентінде қылмыскерді құрықтау шаралары қолға алынды, деп мәлімдеп отыр ІІМ Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасындағылар.

 "Қазіргі уақытта «Перехват» жоспары жарияланып, күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз", - деді агенттікке сұхбат  берген адам.

 Сонымен қатар, ТАСС ақпарат көзі құқық қорғаушылардың кент аумағында орналастырылған бақылау камераларынан алынған бейнежазбаларды  зерттеп жатқаны туралы мәлімдеді.

 "Қазір қылмыс орны маңайындағы бақылау камераларынан бейнежазбалар алынып, күәгерлер сұрастырылып жатыр", - деді ол.

 Жилин қаза тапқан қылмысбарысында жараланған ер адам өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

 «Жилин қаза тапқан қылмыс барысында жараланған ер адам өте ауыр халде Одинцов ауруханасына – ол бірнеше оқпен жараланды, оған шұғыл түрде ота жасалып жатыр. Жәбірленген адаммен бірге ауруханаға полиция қызметкерлері келіп, оны қылмыстың негізгі күәгері ретінде қорғау тапсырмасын алды", - деді ақпарат көзі.

 Тергеушілер Украинадағы «Еуромайданды» қабылдамай, сынға тартуымен белгілі болған «Оплот» ұйымының басшысы Евгений Жилинді «Горки-2» коттедждік кентте орналасқан мейрамханада өлтіру себептерін анықтап жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне құқық қорғау органдарында мәлімдеді.

 «Қазіргі уақытта қылмыстық оқиғаға себеп болуы мүмкін деген барлық  жайттар, оның ішінде қылмыс құрбанының қоғамдық қызметі де зерттеліп жатыр. Басты жайт әлі анықталған жоқ", - деді ақпарат көзі.

 Оның айтуынша, Жилиннің Мәскеу аймағында немен шұғылданғаны тексеріліп, оның аралас-құралас ортасы анықталмақ. Алдын-ала жасалған болжал бойынша, қылмыс тапсырыспен жасалған.

 Евгений Жилин – қоғамдық қайраткер, Харьков аласында бой көтерген «Оплот» ұйымының төрағасы. Украинада 2013 жылдың соңы – 2014 жылдың басында орын алған «Еуромайдан» қозғалысына қарсылық білдіріп, сынға тартқан адам ретінде танымал болды. Кейбір деректер бойынша, Киевте 2014 жылдың ақпан айында болған оқиғалардан кейін қылмыстық қудалаудан қауптеніп, елден бас сауғалап кетуге мәжбүр болған.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!