Таиланд патшасы Пумипон Адульядет қайтыс болды

Фотография - Таиланд патшасы Пумипон Адульядет қайтыс болды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Патша сарайының бұл туралы хабары барлық мемлекеттік телеарналар арқылы таратылды.

350 0

Таиланд королі Пумипон Адульядет Бангкок ауруханасында 88 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды ТАСС. Патша сарайының бұл туралы хабары барлық мемлекеттік телеарналар арқылы таратылды.

Хабарламада монархтың Бангкок уақыты бойынша  сағат 15:52 дүние салғаны айтылған.

Таиландты 70 жыл билеген патшаның өлімі туралы хабарды ауруханадағыдар тым ауыр қабылдап, қатты айқайлап жылаған. Корольдің өліміне қатысты үкімет отырысы белгіленді.

Король АҚШ-тың Кембридж қаласында 1927 жылы  дүниеге келген. Оның әкесі, яғни Жетінші Рама королінің ағасы Гарвард университетінде медицина саласын зерттеген.

Пумипон Адульядет таққа 1946 жылы ағасы Ананда Махидоланың өлімінен кейін отырған. Ресми түрде патша ретінде 1950 жылы отырады, ал 1987 жылы оған «Ұлы король» титулы берілді. Таиландта Король тек мемлекет басшысы ғана емес, елдің қарулы күштерінің қолбасшысы, сонымен қатар барлық діндердің қорғаушысы.

Пумипон Адульядет әлемде ең ұзақ билікте отырған король саналады. Ол басқарған жылдарда елдің 20 премьер-министрі алмасып, 18 конституция қабылданған,19 мемлекеттік төңкеріс болған. Оның үш қыз, бір ұлы бар. Тақты ұрпаққа беру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сай, таққа әйелдердің де келуі мүмкін. Тақтың негізгі мұрагері – оның ұлы Маха Чакри Вачиралонгкорн, одан кейінгі кезекте корольдің сүйікті қызы Маха Чакри Сириндхон.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!