Назарбаев қарашаның 6 күні Токиоға келеді – Жапония СІМ

Фотография - Назарбаев қарашаның 6 күні Токиоға келеді – Жапония СІМ

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Жапония СІМ хабарлағандай, Қазақстан Президенті император Акихито және премьер-министр Синдзо Абэмен кездеседі.

429 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 6 мен 9 күндері Жапонияға барады, - деп хабарлайды Today.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан – бұл Орталық Азиядағы негізгі елдердің бірі, келесі жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болатын аймақтағы алғашқы ел болып, халықаралық қауымдастықта маңызды роль атқаратын болады», - деді Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга баспасөз мәслихатында.

"Киодо" агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президентін, 1945 жылы америкалық атом бомбасымен атқыланған, Хиросимо қаласына апару мәселесі талқыланып жатыр.

Жапондық БАҚ-ның мәліметі бойынша, Абэ Назарбаевпен экономикалық қатынастарды дамыту, атом энергетикасы саласы бойынша әріптестік орнату, мұнай-кен орындарын ашу сияқты мәселелерді талқыламақ.

Жапония Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға аса мән береді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!