987

Ксения Собчак тұңғыш рет ана болу бақытына ие болды

Танымал тележүргізуші ұл туды.
Фотография - Ксения Собчак тұңғыш рет ана болу бақытына ие болды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Танымал тележүргізуші Ксения Собчак тұңғыш рет ана болу бақытына ие болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-аккаунтына жазды деп, хабарлайды Today.kz.

Ресей БАҚ-ның хабарлауынша, нәресте Мәскеу түбіндегі  "Лапино" госпиталінде туылды. Жұлдыздың босануына 930 мың рубль кеткен.

Госпитальда барлық жағдай жасалған. Джакузи, трансформер төсегі, бесжұлдызды мейманханада тамақтану.

Хабарланғандай, бастапқыда нәресте ата-анасымен бірге әжесі Людмила Нарусованың үйінде тұрады. "Горки-8" ауылындағы екі миллион АҚШ доллары тұратын үш қабатты жекежай, қаруланған күзетпен айнала қоршауға алынған.

Кейін отбасы Смоленск бульварындағы ең таңдаулы, соңғы үлгімен жасалынған баспаналарына барып қоныстануды жоспарлап отыр. Аталмыш пәтерді тележүргізуші 2015 жылы қыс мезгілінде сатып алған болатын. 

Загрузка...