1261

Назарбаев Колумбиядағы ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Бразилияда ұшақ апатының салдарынан қаза тапқан азаматтар туралы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Фотография - Назарбаев Колумбиядағы ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты Сурет: ©Арман Мухатов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Бразилия Президенті Мишел Темерге ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев жеделхатта, Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде орын алған ұшақ апатының салдарынан қаза тапқан Бразилия азаматтары туралы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтты.

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болған марқұмдардың туғандарына, туыстарына, сондай-ақ, барша Бразилия халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын»,-делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендерге тездетіп сауығып кетулерін және отбасына оралуларына тілектестік танытты.

Колумбиядағы ұшақ апаты

Колумбияда ұшақ апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 76 адам қаза болып, бесеуі тірі қалған. Ұшақта Бразилияның "Шапекоэнсе" футбол клубының футболистері  болған. Олар Оңтүстік Америка кубогының алғашқы финалдық матчына ұшып бара жатқан.

Әр түрлі болжамдарға сәйкес, ұшақ апаты электр жабдықтарының істен шығуынан немесе жанар-жағармайдың жетіспеушілігінен болған.

 

Загрузка...