728

"Игра престолов" сериалының актері қайтыс болды

Британдық актер Питер Вон 93 жасында көз жұмды.
Фотография - "Игра престолов" сериалының актері қайтыс болды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

"Игра престолов" фильміндегі рөлімен көпке танылған Британдық актер Питер Вон, 93 жасында көз жұмды деп, хабарлайды Today.kz , Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Танымал "Игра престолов" сериалында Вон, Таргариендер династиясының ежелгі өкілі, Қара қамалда қызмет ететін, соқыр мейстер Эймонның рөлін сомдады.

Актердің агенті Салли Лонг-Иннес оның өлгенін растады. «Өлді деп айтудың өзі өкінішті. Питер Вон бүгін таңертең отбасының ортасында көз жұмды», -деді актриса.

Актер көптеген кино мен сериалдарға түсіп, 197 рөлде ойнаған. Көбінесе екінші пландағы рөлдерімен танымал.

Загрузка...