Асад Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөздерге қатысуға дайын

Фотография - Асад Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөздерге қатысуға дайын

Сурет: salafynews.com

Сирия көшбасшысы өзінің қақтығысты реттеуге мүдделі екенін жеткізді.

442 0

Сирия президенті Башар Асад Сириядағы қақтығысты реттеуге және Астанадағы келіссөздерге дайын деп, хабарлайды Today.kz Сирияның SANA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Сирия көшбасшысы француз журналистеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Башар Асадтың сөзінше, ол басқарып отырған әкімшілігінің барлық іс-әрекеті Сирия Конституциясына сай жасалынып отыр.

«Кездесудің уақыты белгіленсе, біздің делегация бұл конференцияға қатысуға дайын. Біз бұл келіссөзге дайын екендігімізді мәлімдеген болатынбыз. Мәселе, Сириядағы қақтығыстың тоқтатылуы мен оның болашағына қатысты болып отыр ғой»,-деп жауап берді Асад.

Сирия президентінің айтуынша, оның делегациясы келіссөздер кезінде қандайда бір шектеулердің қоймайтындығын алға тартты.

Асад журналистерге, атысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, үкіметтік әскерилердің жауынгерлік іс-әрекеттерді жалғастыруы жайындағы сұраққа жауап берді.

«Бұл келісімде Сирия армиясының Фронт ан-Нусра және ИГИЛ (ДАИШ)* террористік ұйымдары арасындағы қақтығысты тоқтатуы туралы айтылған жоқ. Сирия Конституциясына сәйкес, біздің миссиямыз елді кез келген қылымыскерден тазарту»,-деді Сирия президенті.

Сирияға қатысты келіссөздердің Астанада өтуі

16 желтоқсанда, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге келісті.

Кейініректе Владимир Путин Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдайға арналған келіссөздерді Астанада өткізу туралы талқылады. Екі елдің басшылары Сириядағы мәселені тәпіштей сөз ете отырып, бірінші кезекте Алеппо маңындағы жағдайға ерекше тоқталды.

26 желтоқсанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Стрельндегі Константин сарайында келіссөздер жүргізді. Кездесуде Назарбаев, Қазақстан Сирия мәселесіне қатысты келіссөздерді Астанада жүргізу үшін қажетті жағдайды жасауға дайын екендігін мәлімдеді.

2 қаңтарда, Германияның СІМ ресми өкілі Мартин Шефер, ГФР Сирияның өтпелі кезеңінде Асадтың келіссөздерге қатысуына жол бере отырып, Сирияның болашағын Асадпен байланыстырмайтындығын айтты.

4 қаңтарда, Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы Астанада өтетін Сирияға байланысты келіссөздерді, Женевада өтетін Дамаск пен оппозиция өкілдері арасында болатын кездесуге дайындық ретінде қарастырады. 

5 қаңтарда, өзінің ведомствасында журналистерге қоштасу брифингін өткізген мемлекеттік хатшысы Джон Керри, Сирия бойынша Астанада өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қолдау көрсететіндігін білдірді.

ИГИЛ (ДАИШ)* - террористік ұйым. Оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!