Иранның экс-президенті Акбар Хашеми Рафсанджани қайтыс болды

Фотография - Иранның экс-президенті Акбар Хашеми Рафсанджани қайтыс болды

Сурет: AFP/Scanpix

Ол 1989-1997 жылдары мемлекет басшысы болды.

218 0

Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанджани 82 жасында ауруханада көз жұмды деп, хабарлайды Today.kz Иранның Fars ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның ақпараты бойынша, Рафсанджани ауруханаға жүрек талмасымен келіп түскен.

Әли Акбар Хашеми Рафсанджани өмірінің соңғы жылдары Ислам революциясының Парламент пен  Күзет корпусы арасындағы даулы мәселелерді шешетін үйлестіру Кеңесінің басшысы қызметін атқарды. 1989-1997 жылдары Иран президенті болды. 2005 жылы президент сайлауы кезінде Махмұд Ахмадинежадтан жеңіліп қалды. Ал 2013 жылы жасының ұлғайюына байланысты сайлау комиссиясынан өтпей қалды.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!