Анкарадағы мұражай залы Ресей елшісі Андрей Карловтың есімімен аталады

Фотография - Анкарадағы мұражай залы Ресей елшісі Андрей Карловтың есімімен аталады

Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Анкара муниципалитеті Ресей елшілігі орналасқан көшені Карлов есімімен атауға шешім шығарды.

438 0

Түркиядағы Ресей елшісі қаза болған Анкарадағы экспозициялық зал Андрей Карловтың есімімен аталатын болады деп, хабарлайды Today.kz Түркияның Анадолу ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

РФ СІМ Андрей Карловқа жасалған қастандықты теракт деп бағалады.

Анкара муниципалитетінің басшысы Чанкай Альпер Ташделеннің айтуынша, Андрей Карловтың қазасына Түркия мен Ресей халқы бірге қайғырды. Сондай-ақ, Ташделеннің пікірінше, елшіге қастандық жасаудағы мақсат, екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіру.

«Біз ұлты жоқ, діні жоқ террористерді айыптаймыз. Бұл зал әрқашан Карлов есімін біздің есімізге салып тұрады»,-деді  Чанкай Альпер Ташделен.

Анкарадағы Ресей Федерациясының елшілігі орналасқан көшені Андрей Карлов есімімен атайды.

РФ Түркиядағы елшісінің қазасы

19 желтоқсанда Анкарадағы қазіргі заманғы өнер Галереясында «Ресей түрік көзімен» атты фотокөрменің ашылу салтанатына қаруланған адам кіріп, РФ Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа қастандық жасады. Елші атылған оқтан жарақат алып, артынша көз жұмды. Қандықол қанішер көрмеге қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде кірген. Қылмыскерді Ресейдің елшісіне қарасты күзетшілердің бірі деп қабылдаған.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың хабарлауынша, Ресей елшісі Андрей Карловтың өлімі Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымымен байланысты.

7 қаңтарда, Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтіру ісі бойынша бес адам қамауға алынды. Оның біреуі – оппозиционер Фетхуллах Гюленнің жақтасы болса, ал төртеуі - қылмыскермен бірге ІІМ құрылымында қызмет еткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!