683

Лондонның орталығындағы Парламент ғимаратының маңында пышағы бар ер адам ұсталды

Оқиға орнынан екі пышақ табылған. Оның ішінде нан турайтын үлкен пышақ та бар.
Фотография - Лондонның орталығындағы Парламент ғимаратының маңында пышағы бар ер адам ұсталды Сурет: twitter/@nytimesworld

Полиция Лондонның орталығындағы Уайтхолл көшесінде екі пышағы бар ер адамды ұстады деп, хабарлайды Today.kz Еуропалық Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Парламент ғимаратының маңында теракт жасауға дайындық жасап жатқан күдіктіні ұстады. Оның жанынан пышақтар табылған.

БАҚ ақпараты бойынша, террорлық актіні жасауға дайындалып жатқан 20 жастағы күдікті ер адам ұсталды.

Оқиға орнынан екі пышақ табылған. Оның ішінде нан турайтын үлкен пышақ та бар. Олардың барлығы тәркіленді. 

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Загрузка...