752

Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

None
Фотография - Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Түркияда болған жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандақтар болды деген ақпарат келіп түскен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz.

«Қазіргі уақытқа дейін Түркияда болған жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматтарының зардап шеккендігі туралы ақпарат келіп түскен жоқ»,-деді Жайнақов.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Түркияның оңтүстік-батысында жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Бодрум шипажай қаласынан оңтүстікке қарай 10,3 шақырымда орналасқан. Тереңдігі 10 шақырым. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,7.