724

Актриса Вера Глаголева өмірден өтті

БАҚ ақпараты бойынша, актриса қатерлі ісікке шалдыққан.
Фотография - Актриса Вера Глаголева өмірден өтті Сурет: vokrug.tv

Америка Құрама Штаттарында актриса Вера Глаголева көз жұмды. Алдын ала ақпараттар бойынша, актриса қатерлі ісікке шалдыққан деп, хабарлайды Today.kz Ресейдің "РЕН-ТВ" телеарнасына сілтеме жасап.

Глоголева 62 жасында көз жұмды.

БАҚ хабарлауынша, белгілі актриса биылғы жылдың мамыр айының аяғында шетелде ем алған.

Актриса Вера Глаголева 1975 жылы «На край света…» фильмінде Симаның рөлінде ойнады. Ол «Торпедоносцы» және «Не стреляйте в белых лебедей…» сынды 50-ге жуық туындыға түсті.

2008-2009 жылдары экранға жол тартқан «Обручальное кольцо» фильміне ол соңғы рет түскен болатын.

Загрузка...