1026

Мексикада жерлеу рәсіміне келген халыққа бір топ адам оқ атты

Салдарынан 4 адам қаза тауып, кем дегенде 6 адам жараланды.
Фотография - Мексикада жерлеу рәсіміне келген халыққа бір топ адам оқ атты Көрнекі сурет

Мексиканың Гуанахуато штатында өтіп жатқан жерлеу рәсімінде қаруланған бір топ адам халыққа оқ атты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, кем дегенде 6 адам жараланды. Бұл туралы El Universal газеті хабарлады, деп жазады ТАСС. Қаза тапқандар арасында әйел мен бала бар. 

Шабуыл жасағандар оқиға орнына қашып кетті. Кек алу үшін жасалуы мүмкін деген ақпарат жоқ. 

Semaforo Delictivo қоғамдық ұйымының мәліметінше, ағымдағы жыл қауіпсіздік тұрғысынан алғанда заманауи Мексика тарихындағы ең нашар жыл болды. Қаңтардан қыркүйекке дейін қылмыстық топтар 13,51 мың қылмыс жасаған, бұл 2016 жылдың дәл осы кезеңіндегі қылмыстан 53 пайызға көп. Осы уақыт аралығында зорлық-зомбылыққа 22 мың адам ұшыраған, бұл былтырғы жылдан 22 пайызға көп болып отыр. 

Загрузка...