2735

Екіқабат құрбысын өлтіріп, жатырын кесіп алып тастаған америкалық әйел сотталды

Уэйд құрбысына 50 рет пышақ салып, өлі денеден жатырын кесіп алып тастаған.
Фотография - Екіқабат құрбысын өлтіріп, жатырын кесіп алып тастаған америкалық әйел сотталды Сурет: nypost.com

Нью-Йорктің 24 жастағы тұрғыны Эшли Уэйдтің құрбысын өлтіргені дәлелденіп, ол 40 жылға сотталды, деп хабарлайды Tоday.kz The New York Post басылымына сілтеме жасап. 

Үкім оқылып жатқанда әйел жылап отырған. Сот отырысында ол бұл қылмысты не үшін жасағанын түсіндіре алмаған. 

Трагедия екі жыл бұрын Бронксте болған. Сотталушының құрбысы жүктіліктің тоғызыншы айында еді. Сол күні ол құрсағындағы баласының әкесіне тұрмысқа шығайын деп жатқан. Рәсімнің алдында екіқабат әйел құрбысының үйіне бет алады. 

Уэйд құрбысына 50 рет пышақ салып, өлі денеден жатырын кесіп алып тастаған. 

Бұл қылмыс күллі әлемді дүр сілкіндірді. Тергеушілер қылмыстың алдын ала жоспарланғанын айтты. Уэйдтің өзі болса, таныстарының алдында екіқабат болып көрініп, заттар сатып алып жүрген. 

Анасының өлі денесінен кесілген жатырдағы бала тірі қалды. Дәрігерлер айы-күні жеткен сәбиді аман сақтап, әкесіне табыстаған. Қыз бала қазір әкесімен бірге тұрып жатыр. 

Загрузка...