613

Нигерияның мешітінде террорист өз-өзін жарып жіберді

Елу адам қайтыс болды.
Фотография - Нигерияның мешітінде террорист өз-өзін жарып жіберді Сурет ашық дереккөзден алынды

Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі Адамава штатындағы мешітте террорист өз-өзін жарып жіберді. Полицияның мәліметінше, жарылыс "Боко Харам" исламистік тобымен байланысты, деп хабарлайды Today.kz The Telegraph басылымына сілтеме жасап. 

Мешіттегі қайғылы оқиға - Нигерияда осы жылы жасалған ең үлкен теракт. 

Құрбан болған адам саны 50-ге жеткен. Қайтыс болғандар саны өсуі мүмкін, өйткені, жарылыстан зардап шеккендер көп. Зардап шеккен адамдардың нақты саны айтылмады. 

2015 жылы Адамава штаты террористерден босатылған еді. 

"Боко Харам" террористік тобы Нигерияда 2009 жылдан бері бар. 

Загрузка...