670

Ди Каприо мен Брэд Питт Тарантиноның жаңа фильмінде басты рөлдерді сомдайды

Фильм келесі жылы жарыққа шығады
Фотография - Ди Каприо мен Брэд Питт Тарантиноның жаңа фильмінде басты рөлдерді сомдайды Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлемге танымал актерлер Леонардо Ди Каприо мен Брэд Питт Квентин Тарантиноның жаңа фильмінде басты рөлдерді сомдайды, деп хабарлайды Today.kz life.ru сайтына сілтеме жасап.

Екі актер де осыған дейін режиссер әрі продюсер Тарантиноның фильмінде бой көрсеткен еді. Алайда бұл екі актердің тұңғыш рет бірге фильмге түсуі.

Аты мәлім екі актер басты рөлді сомдайтын "Бір жолы Голливудта" (Once Upon a Time in Hollywood) фильмі келер жылы жарыққа шығады. Фильмнің сюжеті 1969 жылғы Лос-Анджелестегі оқиғаға құрылған. Басты кейіпкер екеу: бірі бұрынғы батыс жұлдызы (оны Ди Каприо ойнайды), екіншісі жұлдыздың алмастырушысы (Брэд Питт сомдайды). Кейіпкердің бірінің көршісі танымал Шэрон Тейт.

Бұған дейін фильмдегі оқиға желісі 1969 жылғы 8 тамыздағы қайғылы оқиғаны қозғайтыны хабарланған болатын. Көрсетілген уақытта қылмыскер Чарльз Мэнсон мен оның сектасының мүшелері Шэнон Тейтті өлтірген еді.

Загрузка...