1195

Өзбекстан Қызылорда облысынан 1 мың 500 түйе сатып алды

Көршілес ел алдағы жылы шұбат цехын ашуды жоспарлап отыр.
Фотография - Өзбекстан Қызылорда облысынан 1 мың 500 түйе сатып алды Көрнекі сурет

Өзбекстан Республикасы елдегі түйе шаруашылығын дамыту мақсатында Тамдын ауданы Оқ такир аулына Қызылорда облысынан 1 мың 500 түйе сатып алды. Олардың арасында сүтті мол беретін түйенің аналық тұқымы бар, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Түйелерді өсіру үшін 61 мың 814 гектар жер бөлінді. Келесі жылға дейін бұл жерден түйе сүті - шұбат жасап шығарылатын цех ашу жоспарланып отыр. Бұл тек жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады. Бұдан бөлек, түйенің жүнін тиімді қолдану бойынша шаралар жасалуда", – дейді "Навои-коракул" қауымдастығының төрағасы Халилов.

Көршілес ел түйе шаруашылығы арқылы туристерді тартуға ниетті. Алдағы жылы 1000 тонна шұбат алып, жылына 10 мың турист келетін кешен салуды да қолға алған.