Армениядағы акция – қарсылық танытушылар көшелерді, метроны басып алды

Әлемде
985
Нор-Норк тұрғын ауданынан шығарып, қала орталығына әкелетін барлық жол жабық.

Арменияда оппозициялық лидер Никол Пашинян парламентке премьер-министр болып сайланбаған соң, қарсылық акциясы күшейді. Қарсылық танытушылар көшелерді жаба бастады, деп хабарлайды Today.kz "Sputnik Армения" сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Аваннан шығуы мүмкін де, мүмкін емес те барлық жол жабық. Адамдар тұратын ауданнан шығу мүмкін емес", – деп жазды Facebook қолданушылары. 

Фото -

Сурет: armeniasputnik.am

Нор-Норк тұрғын ауданынан шығарып, қала орталығына әкелетін барлық жол жабық. Қоғамдық көлік саябаққа қайтып келіп жатыр, такси жүріп жатқан жоқ. Бұндай жағдай Ереванның барлық дерлік ауданында байқалды. 

Себастия – Тичин қиылысы, Орбели көшесі, Арцах — Ростомян, Тигран Мец — Нар-Доса, Корюн — Терян, Корюн — Абовян қиылыстары, Исаков даңғылы, Цицернакаберд күре жолы, Орбели — Киевян қиылысы, Гарегин Нжде алаңы, Ереван – Севан даңғылы жабық. 

Фото -

Сурет: armeniasputnik.am

Еревандағы метро жұмыс істемей тұр. Қарсылық танытушылар рельстерге отырып, жолды жауып тастаған. Темір жол да қызмет көрсетіп жатқан жоқ. 

Қазір Ереваннан халықаралық "Завртноц" әуежайына шығатын автодаңғыл жабық. 

"Біз Никол Пашинянды премьер-министрлікке міндетті түрде ұсынамыз. Меніңше, халық қозғалысы сәтті жүріп жатыр, бір аптадан соң бұл сәттілікті заңды тұрғыда бекіту ғана керек болады", – деді Пашинянның "Азаматтық келісім" партиясының баспасөз хатшысы Тигран Авинян.

Армениядағы митинг

Елдегі қарсылық төртінші апта бойы жүріп жатыр. Оппозиция бұрынғы президент Серж Саргсянды премьер-министр қызметінен түсіріп, үкімет басшысының орнына қарсылық қозғалысының лидері, "Елк" парламент фракциясының басшысы Никол Пашинянды ұсынды. 

Бірақ сайлау кезінде оны биліктің партиясы қолдаған жоқ, сондықтан Никол Пашинян қажетті дауысқа ие бола алмады. 

Одан кейін Пашинян армян әуежайларының жұмысын бұғаттап, барлық көшені жауып, тоталдық жұмысшылар мен студенттер көтерілісін жариялауды ұсынды. 

8 мамырда қайтадан сайлау өтеді. Армения заңы бойынша, егер премьер-министр екінші сайлауда сайланбаса, Ұлттық жиын таратылады. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить