726

Қырғызстан тауында әскери тікұшақ құлады

Алдын ала болжам бойынша, төрт адам зардап шекті.
Фотография - Қырғызстан тауында әскери тікұшақ құлады Сурет: ©Игорь Онучин

Қырғызстандағы Оңтүстік Энильчек алаңында құтқару операциясы жүргізіліп жатқанда әуе қорғаныс күштерінің Ми-8 МТВ тікұшағы құлады, деп хабарлайды Today.kz  "АКИpress" сайтына сілтеме жасап. 

Қорғаныс күштері бас штабының баспасөз қызметі бір бүйірден соққан қатты желдің салдарынан тікұшақ қонып жатқан кезінде сол жақ борты сынып кеткенін хабарлады. 

Алдын ала болжам бойынша, төрт адам зардап шекті. Зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. 

Загрузка...