Әйгілі француз актері Мәскеуде соққыға жығылып, жабық бас-ми жарақатын алды

Фотография - Әйгілі француз актері Мәскеуде соққыға жығылып, жабық бас-ми жарақатын алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

849 0

"Такси" фильмі арқылы танымал актер Сами Насери Мәскеуде соққыға жығылды. Әртіс "Войс" клубында бауыры Ларбимен бірге демалып жатқан, деп хабарлайды Today.kz mk.ru сайтына сілтеме жасап. 

Насери інісімен бірге клубқа келген басқа да адамдармен жанжалдасып қалған. Соңында қарсыласып тұрған адам актерді бетінен ұрып жіберген. 

"Такси" фильмінің жұлдызы Склифосовский атындағы ғылыми зерттеу институтының жедел жәрдемін шақыртқан. Ресейлік дәрігерлер жәбірленушіге қажетті көмекті көрсеткен, Сами ауруханаға жатқызылған жоқ. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Насериге жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. 

Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Сами Насери – француз актері әрі продюсері. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?