1366

Швейцарияда ашылған шатыры мен қабырғасы жоқ қонақүй әлемге тез танылды

Қонақүй теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Шатырдың орнында аспан, қабырғаның орнында табиғат.
Фотография - Швейцарияда ашылған шатыры мен қабырғасы жоқ қонақүй әлемге тез танылды Сурет: nullsternhotel.ch

Швейцарияның Тоггенбург округында қабырғасы мен шатыры жоқ қонақүй ашылды, бұл қонақүйде түнеу 300 долларды құрайды, деп хабарлайды Today.kz Design Boom сайтына сілтеме жасап.

Жаңа қонақүйде үш-ақ нөмір бар. Орталығы – кереует. Оның екі жағына шкаф пен шам орнатылған. 

Қонақүйде бір шыны кофе мен таңғы ас және алкогольсіз сусын беріледі. Сізге қызмет көрсететін адам – аяғында резеңке етігі бар жергілікті фермер. 

Қонақүй теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Шатырдың орнында аспан, қабырғаның орнында табиғат. Қонақүйдің басты ерекшелігі де – осында. 

Жаңбыр жауған жағдайда қонақүйге тұрақтаған адамдар жақын маңдағы лашыққа немесе ескі үйге барып паналай алады. 

Бұл қонақүйді жергілікті суретшілер ойлап тапқан. Ыңғайсыз болғанына қарамастан қонақүй ашылған бойда әлемге тез танылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен отельді броньдауға тапсырыс түсіп жатыр екен. 

Фото -

Загрузка...