1748

Мексика президенті елдің банкротқа ұшырағанын мәлімдеді

Обрадор зейнетақыны өсіріп, бензин мен электр бағасын тұрақтандыруға уәде берген.
Фотография - Мексика президенті елдің банкротқа ұшырағанын мәлімдеді Сурет: lopezobrador.org.mx

Мексиканың жаңа президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор Наярит штатында өз жақтастарымен кездесіп, елдің банкротқа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

"Ел банкротқа ұшырап жатқанда сұрағанының бәрін істей алмайтын болармыз, бірақ кампания кезінде уәде етілген барлық істі орындаймыз", – деді ол. 

Бұрын ол елдің экономикалық жағдайын жақсы жағынан сипаттаған еді, қиындықтар бар екенін мойындай отырып, макроэкономиканың тұрақтылығы мен саяси дағдарыстың жоқ екеніне қуанған болатын. 

Сайлау алды үгіт-насихат барысында Обрадор зейнетақыны өсіріп, бензин мен электр бағасын тұрақтандыруға уәде берген. 

Андрес Мануэль Лопес Обрадор 2018 жылдың шілдесінде өткен Мексиканың президенттік сайлауында жеңіске жетті. Инаугурация 1 желтоқсанда өтеді.