1772

Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1200-ден асты

Аралдың орталығындағы 16 мың адам өз үйлерінен қашып шыққан.
Фотография - Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1200-ден асты Сурет ашық дереккөзден алынды

Индонезияның Сулавеси аралында жер сілкінісі мен цунамиден қайтыс болған адам саны 1200-ден асты. Бұл туралы ел президенті Джоко Видодо мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz The Straits Times басылымына сілтеме жасап. 

Аралдың орталығындағы 16 мың адам өз үйлерінен қашып шыққан. 

Естеріңізге салайық, 28 қыркүйекте Сулавеси аралында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Екінші дүмпудің магнитудасы 7,5-ке жетті. Содан кейін бірнеше рет афтершок болды, 30 қыркүйекте оның жалпы саны 170-ті құрады. Жер дүмпуі биіктігі алты метрлік цунамиді тудырды. Бәрінен де Палу қаласы мен оның жанындағы елдімекендер зардап шекті. 

Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар арасында қазақстандықтар жоқ. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия басшысы Джоко Видодоға көңіл айтты.