976

Индонезиядағы ұшақ апаты: 189 адамның бәрі қайтыс болды

Ұшақтың багы жарылып кеткен.
Фотография - Индонезиядағы ұшақ апаты: 189 адамның бәрі қайтыс болды Көрнекі сурет

Джакартада теңіз жағасына құлаған индонезиялық Lion Air компаниясы ұшағының багы жарылып кеткен. Бұл туралы Индонезия төтенше жағдайлардың алдын алатын агенттіктің өкілі хабарлады, деп жазады Today.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

"Жанармай багы сынып, жарылған. Одан жанармай ағып тұр", – деді ол. Бірақ оның қай уақытта жарылғаны айтылмады. 

Лайнердің сынықтары шамамен 30 метр тереңдікке кіріп кеткен. 

Лайнердің бортында 189 адам болған: 181 жолаушы, екі ұшқыш пен алты экипаж мүшесі. Бәрі қайтыс болды. 

Естеріңізге салайық, Индонезия әуекомпаниясының Lion Air жолаушылар ұшағы Джакартадан Панкалпинангқа ұшып бара жатып апатқа ұшырады.