773

Индонезиядағы ұшақ апаты: 10 адамның мәйіті табылды

Полиция туысқандарынан алынған ДНҚ негізінде денені тану жұмыстарына кіріспек.
Фотография - Индонезиядағы ұшақ апаты: 10 адамның мәйіті табылды Сурет: © AP Photo/Tatan Syuflana

Құтқарушылар индонезиялық Boeing ұшағы құлаған Ява аралының батыс бөлігінен 10 адамның мәйітін тапты, оның ішінде сәби де бар, деп хабарлайды Today.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы іздеу және құтқару ұлттық агенттігінің басшысы Мохаммад Саюги айтты. 

"Сүңгуірлер 10 адамның мәйітін тапты, ішінде сәбидікі де бар. Одан бөлек, бортта болған адамдардың дене бөлшектері салынған 14 қап жағаға жеткізілді", – деп келтіреді шенеуніктің сөзін The Straits Times.