937

Ауғанстанда жарылыс болып, жеті адам қаза тапты

Бес адам жарақаттанды.
Фотография - Ауғанстанда жарылыс болып, жеті адам қаза тапты Сурет: ©Omar Sobhani

Ауғанстанда жарылыс болды. ТАСС сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып оқиғаның Кабулда болғанын хабарлады. 

Кейбір ақпараттар бойынша, жарылғыш зат Кабулдағы "Пуле-Чархи" түрмесінің қызметкеріне тиесілі көлікке орнатылған. 

Жарылыс салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Бес адам жарақаттанды.