1007

Канадада екі ұшақ аспанда түйісті

Апат салдарынан бір адам зардап шекті.
Фотография - Канадада екі ұшақ аспанда түйісті Сурет ашық дереккөзден алынды

Оттавада екі ұшақ аспанда түйісті, деп хабарлайды Today.kz канадалық CTV News телеарнасына сілтеме жасап. Шағын ұшақ құлап түскен, ал үлкені апаттан кейін астананың халықаралық əуежайына қайтып оралды.

Апаттан бір адам қатты зардап шеккен.

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ. 

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда.