1049

Индонезияда ішінде адамдары бар аттракцион кабинасы төңкеріліп кетті

Кабина ішіндегі адамдар ғажайыптың күшімен аман қалды.
Фотография - Индонезияда ішінде адамдары бар аттракцион кабинасы төңкеріліп кетті Сурет ашық дереккөзден алынды

Джакартада жергілікті ойын-сауық паркінде орналасқан дөңгелегі бар кабина аттракцион жұмыс істеп тұрған уақытта төңкеріле бастады. Кабина ішіндегі адамдар ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды Today.kz NST сайтына сілтеме жасап. 

Төңкерілген кабиналардың бірінде баласы бар отбасы болған. Парк қызметкерлері шұғыл түрде көмекке келгендіктен, олар да дін-аман қалды. 

Куәгерлердің сөзінше, кабина төңкерілмес бұрын дөңгелек кенеттен кері айнала бастаған. Ішіндегі адамдар отыратын кабина түгелімен айналып үлгермегендіктен тірі қалды. Адамдар ішінен шығып, темір арқанға жармасып үлгерді. 

Оқиға орнына құтқарушылар келді. Адамдар шошынып қалған.