645

Калифорниядағы өрттен қаза тапқандар саны 48-ге жетті

200 адам із-түссіз жоғалғандар қатарына енді.
Фотография - Калифорниядағы өрттен қаза тапқандар саны 48-ге жетті Сурет: ©Josh Edelson

Американың Калифорния штатында шыққан өрт салдарынан 48 адам қаза тапты. Адамдар Парадайс қаласында өртенген үйлерінен шыға алмай қайтыс болған, деп хабарлайды Today.kz "Вести.ru" сайтына сілтеме жасап. 

200 адам із-түссіз жоғалғандар қатарына енді. 

Өрт 418 шаршы метр аумақты шарпып, 7,6 мың үй мен салынып жатқан ғимараттарды жалмады. Өрттің 30 пайызы ауыздықталды. 

Тілсіз жаумен күресу үшін Бьютт округында 5,1 мың өрт сөндіруші, 622 арнайы техника бірлігі, 21 тікұшақ, 107 бульдозер мен 71 су тасуға арналған автоцистерна жұмылдырылды. 

Бұдан бұрын Голливуд жұлдыздары Малибудағы үйлерінен басқа қалаға жаппай көшіп жатқандары хабарланған еді. Олар өрттен қашқан.