965

Түркияда жүрдек пойыз аударылып, қайтыс болған адам саны тоғызға жетті

Пойыз рельстен шығып кеткен.
Фотография - Түркияда жүрдек пойыз аударылып, қайтыс болған адам саны тоғызға жетті Көрнекі сурет

Анкарада рельстен шығып кеткен жүрдек пойыз тоғыз адамның өмірін жалмады. Бұл туралы Түркия көлік және инфрақұрылым министрі Джахит Туран хабарлады, деп жазады Today.kz NTV сайтына сілтеме жасап. 

"Үш машинист пен бес азаматымыз қайтыс болды. Ауруханаға 48 адам жеткізілді, зардап шеккен бір адам қайтыс болды", – деді ол. 

Естеріңізге салайық, Анкарадан Конья қаласына шыққан пойыз рельстен шығып кеткен еді. Екі вагон аударылып түсті.