971

Индонезияда цунами салдарынан қайтыс болған адам саны 400-ден асты

22 желтоқсанда Индонезияда алып цунами болды.
Фотография - Индонезияда цунами салдарынан қайтыс болған адам саны 400-ден асты Сурет: canberratimes.com.au

Индонезиядағы жойқын цунами салдарынан қаза тапқан адам саны 429-ға жетті, деп хабарлайды Today.kz The Canberra Times сайтына сілтеме жасап. 

Цунамидің жаңа құрбандары іздеу-құтқару операциясы кезінде табылған. 

Басылым Индонезия билігінің басқа елдердің құтқаруға қатысты көмегін қабылдамайтынын жазды. 

Естеріңізге салайық, 22 желтоқсанда Индонезияда алып цунами болды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады