1291

Бүкіләлемдік банк басшысы аяқ астынан қызметінен кететінін мәлімдеді

Джим Ен Ким осы қызметте алты жылдан көп уақыт отырған.
Фотография - Бүкіләлемдік банк басшысы аяқ астынан қызметінен кететінін мәлімдеді Сурет ашық дереккөзден алынды

Бүкіләлемдік банктің басшысы Джим Ен Ким өз қызметінен мерзімінен бұрын кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Джим Ен Ким осы қызметте алты жылдан көп уақыт отырған. 

ББ баспасөз қызметі хабарлағандай, Джим Ен Ким қызметінен 2019 жылдың 1 ақпанында кетеді. Сол уақыттан бастап президенттің міндетін ББ бас атқарушы директоры, болгар экономисі Кристалина Георгиева атқарады. 

"Осынау ұлы мекемені басқару – бұрын-соңды елестетуім мүмкін ұлы құрмет, бізді әйтеуір кедейліктен құтылған әлемге жақындатты", – деп жазды Джим Ен Ким Twitter желісіндегі парақшасында. 

Мамандығы дәрігер Кимнің өзі отставкадан кейін 1987 жылы өзінің қатысуымен құрылған халықаралық үкіметтік емес "Денсаулық бойынша серіктестер" ұйымының басшылық құрамына қайта оралады. Одан бөлек, ол Бүкіләлемдік банкте жаңа қызметте жұмыс істей бермек. Қандай қызмет атқаратыны әзірге айтылмады. 

ББ басшысы қызметіне Джим Ен Кимді 2012 жылдың наурызында сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама ұсынған. Сол жылдың сәуір айында оның үміткерлігін банк басшылығындағы адамдар мақұлдады, 2012 жылдың 1 шілдесінде Ким қызметке кірісті. 

Айта кетейік, ол ББ басшысы атанған алғашқы дәрігер және алғашқы азиат тектес америкалық. 2016 жылдың қыркүйегінде Ким ББ басшылығына тағы бес жылға қайта сайланды. Оның қызметтегі мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесінде басталып, 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс болған. 

Бүкіләлемдік банк – халықаралық қаржы ұйымы, дамушы елдерге қаржылай және техникалық көмек көрсету мақсатында құрылған. 1944 жылдан бастап Бүкіләлемдік банк 23 мың жобаға дәстүрлі займ мен пайызсыз несие және грант беру арқылы қаржылай көмек білдірді.