1277

Қытайда бастауыш сынып оқушыларына шабуыл жасалды: 20 оқушы жараланды

Жараланған балалардың бәрі жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Фотография - Қытайда бастауыш сынып оқушыларына шабуыл жасалды: 20 оқушы жараланды Сурет: EPA

Қытайдың Пекин қаласындағы бастауыш мектепке белгісіз ер адам шабуыл жасады. 20-ға жуық бала зардап шекті, деп хабарлайды Today.kz НТВ арнасына сілтеме жасап. 

Жараланған балалардың бәрі жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оқушылардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. 

Xinhua агенттігі хабарлағандай, шабуыл жасаған адам ұсталған. Оның аты-жөні анықталып жатыр.