884

Бразилияда бөгет жарылып, 65 адам қайтыс болды

Құрбандар саны артуы мүмкін.
Фотография - Бразилияда бөгет жарылып, 65 адам қайтыс болды Көрнекі сурет

Бразилияның Минас-Жерайс штатында бөгет жарылып, салдарынан 65 адам қаза тапты, деп хабарлайды Today.kz Globo сайтына сілтеме жасап. 

31 құрбанның денесі танылды. 279 адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Бұрын 58 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, құтқарушылар құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтты. 

Естеріңізге салайық, 26 қаңтарда бөгет жарылып кетті. Су легі асхана, тау-кен компаниясының ғимаратын, тұрғын үйлерді шайып жіберді. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Загрузка...